+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Қызылордада жоғалған аңшыға қатысты оқиғаның жәй-жапсары анықталды

2020 жылғы 30 қазан 23:35
Бөлісіңіз:
Қызылордада жоғалған аңшыға қатысты оқиғаның жәй-жапсары анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданында үш күн бұрын жоғалып, бүгін аман-есен табылған 46 жастағы аңшы жігітке қатысты оқиғаның жәй-жапсары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, құс атуға шыққан үш жігіттің біреуі Арал аумағындағы елсіз далада жоғалып кеткен болатын.

Аңшының туған-туыстары мен жолдастары оны өз бетінше іздеуге тырысқан. Арал аудандық полиция бөліміне бұл жөнінде хабар келіп түскеннен кейін мамандар құтқарушылармен бірлесіп, дереу іздестіру жұмыстарына кіріседі.

Бүгін таңертең Ақтөбе облысында тұратын жігіт елсіз далада аман-есен табылды.

«Іздеу жұмыстары аңшылардың барған​ Кіші Арал теңізінің «Көкарал» плотинасынан басталды. Оған ​ «Крона» қызметтік ​ иті, қажетті техника жұмылдырылды. Сол аймақ дрон арқылы зерттелді. ​ Жоғалған азаматтың суреті барлық полиция бекетіне жіберілді. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде бүгін сағат 09.30 шамасында жоғалған аңшы​ аман-есен табылды. Ол елді мекеннен шалғай кетіп, бағыт-бағдарынан адасқанын айтады. Ол туыстарымен аман-есен табысты. Денсаулығына ешқандай қауіп ​ төніп тұрған жоқ. ​Полицейлер орын алған оқиғаға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтауда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Нұрсұлтан Ибрагимовтің айтуынша, жоғалған азаматты жергілікті аңшылар тапқан.

«Іздестіру-құтқару жұмыстары «Көкарал» плотинасынан 30 шақырым қашықтықта ұйымдастырылды. Оған 8 полиция қызметкері, аудан әкімдігінің 5 өкілі және Қызылорда облысының Өрт сөндіру қызметі Жедел-құтқару жасағынан 4 құтқарушы жұмылдырылған. Оны жергілікті аңшылар тауып, құтқарушыларға хабар берді», - деді Н.Ибрагимов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT