Қызылордада жол бойында адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жол бойында адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісі қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 30 қазан күні Шиелі ауданына қарасты Тартоғай ауылының тұсындағы «Шымкент-Самара» тас жолының бойында болды. Тас жолды кесіп өтпек болған ауылдың 48 жастағы тұрғынын белгісіз автокөлік иесі қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Автокөлік Қызылордадан Шымкент қаласына бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан азаматша түрлі дене жарақатын алып, аудандық ауруханаға жеткізілді.

«Патрульдік полиция рота қызметкерлері жедел іздестіру жүргiзді. Нәтижесінде сол аудандағы Бәйгеқұм елді мекенінің тұсында жүк тасымалдайтын «ГАЗель» автокөлігіне «Mercedes» автокөлігін тиеп жатқан жүргізуші ұсталды. Ол Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауылының 24 жастағы тұрғыны болып шықты», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Қызылордада жеңіл автокөлік аялдаманы қиратып кеткенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар