Қызылордада жол-көлік оқиғасы болып, бір жүргізуші мылтықпен оқ атқан

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында жол-көлік оқиғасын жасады делінген тұрғын мылтықпен аспанға оқ атып, адам өміріне қауіп туғызған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс орталығындағы Назарбаев даңғылы мен Сұлтан Бейбарыс көшелерінің қиылысында екі жеңіл автокөлік соқтығысып қалған. Сосын жүргізушінің бірі зардап шеккен автокөлік иесіне шығынын өтеу мақсатында 30 мың теңге төлеуге келісіп, үйіне көлігі бүлінген азаматты ертіп келеді. Одан кейін ол ашуға беріліп,үйінен мылтық алып шығып, аспанға бір мәрте оқ атқан.

«Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел басқару орталығына қала тұрғынынан көршісінің мылтық атқаны туралы хабарлама түсті. Бұл бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Айғақ заттар ретінде аңшы мылтығы алынды. Күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы» қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Жол-көлік оқиғасына байланысты құқықтық баға беріледі. Сараптамалар тағайындалып, мән-жайлар анықталуда. Істің тергелуі департамент басшылығының бақылауына алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қызылордада мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.


Соңғы жаңалықтар