Қызылордада Жолдау бойынша алдағы міндеттер таразыланды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қалалық идеологиялық активінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру бағыты сараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Идеологиялық актив отырысына қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев төрағалық етті. қалалық идеологиялық актив отырысы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, қаланың дербес бөлім басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Активте қала әкімі «Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел дамуындағы көптеген мәселелерге назар аударды. Атап айтқанда, қоғамдағы тұрақтылық пен сенім, ел экономикасының қарқынын одан әрі күшейту, халықтың тұрмысын жақсарту жағдайына көңіл бөлінді. Б ұл бағытта нақты 11 міндетті айқындап берді. Жетістіктер мен табыстарды еселейтін, қажеттіліктер мен сұраныстарды қанағаттандыратын негізгі бағдарламалық құжатты жүзеге асыру бағытында нақты жұмыстар жүзеге

асады» - деді ол.

Мұнан бөлек шаһар басшысы қаланың қарқынды дамуы туралы баяндама жасап, жыл басынан жүзеге асырылған ауқымды жобалар мен алдағы жоспарларға да қысқаша тоқталды.

Сонымен қатар, басқосуда облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхамед Сыздықов, Ы.Жақаев атындағы «Қазақ күріш ғылыми зерттеу институты» ЖШС директоры, Бақытжан Дүйсембеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов, облыстық «Рухани

жаңғыру» орталығының директоры Уәлихан Ибраев Жолдаудың әр саланы дамытуға бағытталған ауқымды істерді бірлесе атқаруға үндеді.


Соңғы жаңалықтар