Қызылордада жолдың тайғақтығынан жүк көлігі аударылып қалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығынан жүк көлігі мен жеңіл көліктер жолдан шығып кетіп, аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Қармақшы ауданында ауданы аумағында «Шымкент-Самара» тас жолының бойында болды. Ауданға қарасты Елшібай бекетінің тұсында жолдың тайғақ болуынан жүк көлігі мен жеңіл көліктер жолдан шығып кетіп, аударылып қалған.

«Жүк көлігінің иесі Тәжікстанның 35 жастағы азаматы Абдусаттор Абдукаримов екені анықталды. Ол өзі басқарып келе жатқан «Mercedes-Benz» жүк көлігімен жолдан шығып кеткен. Оған Қармақшы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көмекке келді. Тәжікстандық жүргізуші полицейлерге алғысын білдірді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордалық полицей отқа оранған үйден газ баллонын алып шықты.


Соңғы жаңалықтар