Қызылордалық оқушы өндірістік суды тазартудың озық әдісін тапты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық жас өнертапқыш Зарина Айсауытова өндірістік суды тазартуға байланысты озық әдісті ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушысының жаңашыл жобасы арқылы өндірістік суды тазартуға кететін уақытты төрт есеге дейін қысқартуға болады.

Бүгінде елімізде су қоймаларының тазалығын сақтау мәселесі санитарлық талапқа сай келе бермейді. Бұл бағытта қолға алынып жүрген сүзу әдісі оған толықтай дайын емес. Зарина жасаған жаңа жоба бойынша су сапасын арттыруға зор мүмкіндік туады. Бұл жоба бойынша екі жылдан бері зерттеу жұмыстары атқарылған.

Оқушы аталған жобаны химия пәнінің мұғалімі Марат Сыздықбаевпен бірге жүзеге асырған. Сол бойынша мектептің зертханасында өнімдердің химиялық қасиетіне сараптама жүргізілген. Жоба бойынша оң нәтижеге қол жеткізуге болатыны анықталды. Ол пайдалы модель ретінде бағаланды. Жоба авторлары Ұлттық зияткерлік меншік институты тарапынан патентке қол жеткізді.

«Айта кетерлігі, ендігі кезекте сорбенттерді алу үшін арнайы өндіріс орнын ашудың қажеті жоқ. Оны қандай да өндіріс орнында жасауға болады. Сол жерден сорбент алынады. Ол өндірістік қалдық суларды тазартуға жол ашады», - дейді химия пәнінің мұғалімі Марат Сыздықбаев.


Заринаның атуынша, бұрынғы тәжірибе бойынша да осындай құрам бөліктермен жасалған. Бірақ ол жерде бір сағатқа дейін уақыт жұмсалады. Оған қоса энергиялық шығын да көп болған. Ендігі жағдайда уақытты қысқартып, өте жоғары көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік бар.

Бұған дейін қызылордалық жас өнертапқыштар «ақылды» жылыжай құрастырғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар