Қызылорданың әкімі Премьер-Министр кеңсесіне бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2005–2007 жж. — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.

2007-2008 жж. — Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.

2008-2013 жж. — Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.

2013-2021 жж. — Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.

2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар