+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Қызылорданың шалғай ауылдарында мал шаруашылығы дамып келеді

2020 жылғы 30 қазан 22:54
Бөлісіңіз:
Қызылорданың шалғай ауылдарында мал шаруашылығы дамып келеді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының шалғай ауылдарында мал шаруашылығы жаңа қарқынмен дамып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жыл басынан бері 1 мыңнан астам адам мал ұрлығымен ұсталды

Бүгінде өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінде мал шаруашылығының үлесі шамамен 40% құрайды. Осы ретте шалғайдағы мал шаруашылығы да жақсы қарқынмен дамуда.

Бұл бағытты дамытудағы негізгі мәселе - шалғай елді мекендерде жайылымды сумен қамтамасыз ету. Сондықтан оларды пайдалану тиімділігін арттыру үшін алғашқы кезекте облыста 2,5 мыңға жуық құдық, ұңғыма және басқа да суаратын нысандарға түгендеу жүргізілді.

Сол бойынша пайдаланылмайтын жайылым алқаптарында жөндеуді қажет ететін 452 су көзі анықталды. Осы міндетті шеше отырып жайылымдық жер көлемін арттырып, мал басын айтарлықтай көбейтуге болады.

«Өңірде 1 қазанға дейінгі мәлімет бойынша 352,6 мың мүйізді ірі қара, 761,9 мың қой мен ешкі, 153,8 мың жылқы, 53,2 мың түйе және 124,8 мың құс тіркелген. Облыста 3500-ге жуық құрылым ата кәсіпті өркендетіп отыр. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, өнімділік пен өнім сапасын арттыруды субсидиялауға биылжергілікті бюджеттен 2 432,1 млн теңге қаралған. Қазірге дейін 700-ден астам шаруашылыққа тиісті субсидия төленді. Облыста бордақылау алаңының саны арта түсті. Мұндай жұмыспен айналысатын 20 орын тіркелген. Онда 12 мың бас мүйізді ірі қараны бордақылауға мүмкіндік бар», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

Облыста аграрлық саланы дамыту мақсатында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша жалпы сомасы 10 млрд теңгеден асатын 33 жоба іске асырылуда.

Оның ішінде қуаты 8,4 мың тоннаны құрайтын сүт-тауар фермасы, жылына 5 мың тонна ет өндіре алатын комбинат салу жоспарланған.

Оған қоса жылына 130 тонна түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін және пастерленген сүт өнімдерін өндіру секілді өзге де жобалар бар.

Сондай-ақ, Қызылорда облысының күріш өсірушілері жаңа рекорд орнатты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT