Қызылорданың шет аймағы мен ауылдық округтерде 260 көше жөнделуде

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында көшелер келбеті көркейіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс орталығында жасалып жатқан аталған жұмыстар барысымен журналистер баспасөз туры кезінде кеңінен танысты.

Ұзақ жылдар бойы Қызылорда қаласында бұрынғы тозығы жеткен көшелер проблемасы өзекті болып келді. Қазіргі таңда бұл орындар жергілікті тұрғындардың көз алдында жаңарып жатыр. Биыл қаланың шет аймағы мен ауылдық округтердегі барлығы 260 көшенің жолы жөнделуде. Оның ішінде «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан игілікті істер де бар. Атап айтқанда, қала аумағындағы 111, кент және ауылдық округтердегі 32 көшедегі жол жөнделуде.

Солардың бірі Ергешбаев көшесі. Ол Желтоқсан көшесі мен Абай даңғылына дейінгі аралықты қамтиды, ұзындығы 700 метрге жуық.

Жөндеуді «Қызылорда жолдары» мердігер мекемесі қолға алған. Мұнда асфальт төсеу аяқталды.

Сондай-ақ қаладағы шеткі аймақтың бірі - КБИ шағынауданында да осындай өзгерістер бар. Шағы аудандағы ұзындығы 300 метрге жуықтайтын Наурыз көшесінің бұрын көркі қашып жататын. Ендігі кезекте аталған көшеде де жөндеу жұмыстары жасалып, тұрғындар өтініші орындалды.


Биыл көше бойындағы жаяу жүргіншілер жолын салу ісіне де баса назар

аударылды. Мәселен, 102 шақырымды құрайтын 68 көшеге жаяу жүргінші жолы салынуда.

Журналистер Сәдуақасов, Тәуелсіздікке 20 жыл көшелеріндегі жөндеу жұмыстарымен танысты.

«Жаяу жүргіншілер жолын салуда көптеген талаптар бар. Бұл орындар мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалысына қолайлы болу қажет. Мердігер компанияларға осындай талаптар қойылды», - деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Е.Рахматуллаев.

Бұл жұмыстар аясында 1 мың 700-ден аса адам еңбекпен қамтылды.


Соңғы жаңалықтар