Лас Вегастағы көрмеде «жасанды адамдар» таныстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Лас Вегас қаласында CES 2020 электроника көрмесі басталды. Онда әлемнің әр қиырынан жиналған компаниялар қызықты өнімдерін таныстырып жатыр. ҚазАқпарат жаңа технологиялар көрмесінде көрермен назарына ұсынылған жаңалықтарға шолуын ұсынады.

Жасанды Neon адамы

Neon – Интернет жоқ кезде диалогта қала алатын жасанды адам. Жобаны ОныПранав Минстри басқаратын Advanced Research Lab (STAR Labs) компаниясы мен Samsung Technology жасап жатыр. Жобаның мақсаты – адамның бейнесі мен іс-әрекетін қайталай алатын жасанды тұлға жасау. Неондармен сөйлесуге болады, бірақ олар пайдалы ақпарат бере алмайды.

Олар мұғалімдерді, телевизиялық бағдарлама жүргізушілері мен қаржы кеңесшілерін алмастыра алады.

Ballie ақылды роботы

Ballie роботы – бейнетаспасы бар кішігірім шар. Ол кез-келген жағдайда ақылды техникамен байланыса алады. Егер үйдегі ит жерге тамақ төгіп қойса, робот шаңсорғышты іске қосады. Ұйықтайтын уақыт жеткенде «ақылды» перделерді жауып, шамдарды сөндіреді. Ballie-дің шығу уақыты мен бағасы айтылған жоқ.


AR-көзілдірігі

Сонымен қатар, көрмеде Samsung компаниясы қызықты гаджет - AR-көзілдірігін таныстырды. Өткен жылы таныстырылған GEMS экзоскелетімен бірігіп көзілдірік иесіне жеке жаттықтырушымен фитнеспен айналысуға мүмкіндік береді. Компания AR-көзілдіріктің де сатылымға шығатын уақыты мен бағасын жарияламады.


Кванттық бұзудан қорғалған әлемдегі алғашқы автокөлік

ISARA канадалық компаниясы таныстырған Karma Revero GT автокөлігі электрондық дыбыстық мәліметтерді жіберіп және қабылдай алады. Сонымен бірге, ақпарат басқа біреуге мәлім болуы мүмкін деп алаңдамайсыз, тіпті мәліметіңізді кванттық компьютерді пайдаланып та ешкім аша алмайды.

Karma Revero GT электромобилін таныстыру мақсатында жасалған үлгіге ISARA Catalyst TLS сынақ стенді секілді қолжетімді өнімдер пайдаланылған. Олар Netpeople iNAGO жүргізуші көмекшісінің платформасында қауіпсіз байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Қос экраны бар ноутбук

ASUS компаниясы көрме аясында өз класындағылардан ықшамдылығы, жіңішкелігі және қуаттылығымен ерекшеленетін 14 дюймді ZenBook Duo-ны таныстырды.

Жаңа ZenBook Duo барлық параметрлер бойынша арзан әрі қолдануға жеңіл. 4K OLED-дисплейдің орнына Full HD IPS-матрицаны қойған. Ноутбук 16 ГБ жады бар Intel Core оныншы буын процессорларында қолжетімді. Сонымен қатар, NVIDIA MX250 дискреттік бейнекартасы бар.

Екінші 12,6 дюймдік дисплейді екінші монитор ретінде қолдану мүмкіндігі бар. Онда жұмыс істеуге қажетті қосымша терезелерді ашып қоюға, ойындарға қосалқы ақпарат іздеуге немесе жәй ғана YouTube-тан видео қосып қоюға болады.

Айта кетейік, CES (Consumer Electronics Show) — жаңа гаджеттердің, электрониканың, техниканың, автокөліктердің және басқа да құрылғылардың жыл сайын өткізілетін дәстүрлі көрмесі. Көрмеде бізге жоғары сапалы теледидарларды, жылдам дрондарды, өздігінен жүретін алуан түрлі көлік түрлерін және т.б. жаңаша құрылғыларды ұсынады.

Жаңа технологиялар көрмесі 10 қаңтарға дейін жалғасады.



Соңғы жаңалықтар