+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Латын Америкасы мен Кариб елдерінен 137 қазақстандық елге оралды

2020 жылғы 26 наурыз 12:28
Бөлісіңіз:
Латын Америкасы мен Кариб елдерінен 137 қазақстандық елге оралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Қазақстанның Мексикадағы елшілігі Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінен отандастарымыздың елге оралуына көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Италияда коронавирусты жұқтырған тағы 3 039 адам анықталды 23:40-тағы ахуал: Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған тағы 12 адам тіркелді Қазақстанда 51-ші адам коронавирустан жазылып шықты

Осылайша, 13-25 наурыз аралығында 127 қазақстандық Доминикан Республикасынан, 4-і Мексикадан, 3-і Панамадан және 3-і Коста-Рикадан оралған.

«Аталған мемлекеттер халықаралық әуе қатынастарды тоқтату мен шетел азаматтарына халықаралық әуежайлардағы транзиттік аймақтардан шығуға тыйым салуларына байланысты бірқатар қиындықтар орын алған болатын. Осы кедергілерге қарамастан Мехико мен Мәскеудегі біздің дипломаттарымыздың үйлесімді әрекеттерінің арқасында көптеген ҚР азаматтарын Мәскеу арқылы транзитпен Қазақстанға аман-есен жеткізу жұмысы сәтті ұйымдастырылды», - деп хабарлайды Айбек Смадияров.

Қайтып оралған азаматтар Мексикадағы Қазақстан елшілігінің қызметкерлеріне олардың мәселелерін және туындаған қиындықтарды шешуде тәулік бойы көмек көрсеткені үшін үлкен алғыс білдіруде.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР СІМ, Коронавирус,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT