Лицензияны тоқтатамыз – Цой дәріні қымбатқа сатуға қатысты ескерту жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәрі-дәрмекті шекті бағасынан қымбатқа сатқаны үшін жауапкершілік барын тағы да ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дәрі-дәрмекті шекті бағасынан қымбатқа сатқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескерткім келеді. Нақтырақ айтқанда оларға айыппұл салынады. Ал егер бұл заң бұзушылық қайтадан тіркелсе, дәріхананың лицензиясын тоқтатуға дейінгі шараны қабылдаймыз. Сонымен бірге дәрі-дәрмекті рецептсіз сатқаны үшін де жауапкершілік барын ескертеміз. Интернет арқылы рецептсіз сату жағдайлары тіркелді. Мұндай жағдайлар заңмен қадағаланады», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралған болатын. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап 14 күнге қатаң шектеу шараларын енгізетін болды.


Соңғы жаңалықтар