15:47, 17 Сәуір 2021 | GMT +6
Лифтінің бейнебақылау камералары мен қабырғаларын сындырған елорда тұрғыны ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілерге жасалған мониторингі барысында лифтінің бейнебақылау камералары мен қабырғаларын сындырған жас жігіт түсіп қалған видео анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға биылғы жылдың 16 сәуірінде сағат 00:38-де елорданың сол жағалауында «Диво» тұрғын үй кешенінде болғаны анықталды. Ол туыстарының үйіне қонаққа келген 21 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.
Қоғамдық тәртіпті бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік іс қозғалды. Процессуалдық шешімді Нұр-сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қабылдайды.