+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Лионель Месси 2019 жылғы «Алтын доп» иегері атанды

2019 жылғы 3 желтоқсан 02:38
Бөлісіңіз:
Лионель Месси 2019 жылғы «Алтын доп» иегері атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Франция астанасы - Париж қаласында «France Football» журналының ұйымдастыруымен «Алтын доп» иегері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Реал Мадрид» экология мәселесіне жұрт назарын аудартудың жаңа тәсілін тапты Футбол: Ұлттар лигасында Қазақстан қай себетте орналасады Футбол: «Астана» халықаралық турнирге қатысады

Сондай-ақ, аталмыш шара барысында Италияның «Ювентус» командасының ойыншысы Маттейс де Лигт жылдың ең үздік жас футболшысы атағын олжалады. Англияның «Ливерпуль» клубынан Бекер Алисон - үздік қақпашы, ал американдық Меган Рапино қыздар арасында «Алтын доп» иегері болды. Испанияның «Барселона» командасының аргентиналық жартылай қорғаушысы Лионель Месси 2019 жылғы «Алтын доп» иегері атанды.

Биыл аталмыш жүлдеге үміткер футболшылар қатарында жұлдыздар аз болған жоқ. Атап айтқанда, олардың қатарында Садио Мане, Трент Александер-Арнольд, Алисон Бекер, Жоржиньо Вейналдум, Вирджил ван Дейк, Роберто Фирмино, Мохамед Салах (барлығы - «Ливерпуль», Англия), Серхио Агуэро, Бернарду Силва, Рияд Марез, Кевин де Брейне, Рахим Стерлинг (барлығы - «Манчестер Сити», Англия), Френки де Йонг, Марк-Андре тер Штеген, Лионель Месси, Антуан Гризманн (барлығы - «Барселона», Испания), Уго Льорис, Сон Хын Мин (барлығы - «Тоттенхэм», Англия), Душан Тадич, Донни ван де Бек (екеуі - «Аякс», Голландия), Килиан Мбаппе, Маркиньос (екеуі - ПСЖ, Франция), Пьер-Эмерик Обамеянг («Арсенал», Англия), Криштиану Роналду, Маттейс де Лигт (екеуі - «Ювентус», Италия), Карим Бензема, Эден Азар (екеуі - «Реал», Испания), Роберт Левандовски («Бавария», Германия), Калиду Кулибали («Наполи», Италия), Жоау Фелиш («Атлетико», Испания) болды.

«Алтын доп» жүлдесі 1956 жылдан бері өткізіліп келеді. 2018 жылы оған Испанияның «Реал Мадрид» командасында жартылай қорғаныста ойнайтын хорват футболшысы Лука Модрич лайық деп танылған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT