Литвадағы қазақстандық студенттер елге оралды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 наурызда Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің қолдауымен Вильнюс, Каунас және Клайпеда қалаларында оқитын 15 қазақстандық студент елге қайтты. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

28 наурызда Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің қолдауымен Вильнюс, Каунас және Клайпеда қалаларында оқитын 15 қазақстандық студент Минск арқылы Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұшты.

«Белавиа» әуекомпаниясымен орындалатын бағыт - Отанымызға оралатын бірнеше бағыттың бірі.

«Наурыз айының ортасынан бастап - халықаралық әуе қатынастарының тоқтатылған уақытынан бері Елшіліктің қолдауымен 50-ден астам қазақстандық үйлеріне аман-есен оралды. Олардың арасында литвалық жоғарғы оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттер, «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткендер бар», - делінген баспасөз хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар