Ливерпульдегі жарылыс: такси жүргізушісі қайғылы жағдайдың алдын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Такси жүргізушісі Дэйв Перри жексенбі күні күндіз Ливерпульдегі аурухананың жанында болған жарылыстың ықтимал құрбандарын құтқара алды. Бұл туралы британдық The Sun таблоиды жазды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оның мәліметінше, Перри көліктен секіріп түсіп, есіктерді құлыптап үлгереді. Ал машина ішінде жарылғыш құрылғысы бар жолаушы қалып қойған. Артынша жарылыс болған. Таблоидтің хабарлауынша, таксидегі - жарылыс кезінде мерт болған жалғыз адам. Жүргізушіні күйік шалған. Оны ауруханаға жатқызды.

Бұған дейін РА агенттігі хабарлағандай, жексенбі күні күндіз Ливерпульде көлік жарылған, салдарынан бір адам қаза тауып, екіншісі жарақат алған. 21, 26 және 29 жастағы үш ер адам лаңкестікке қарсы іс-қимыл туралы заң бойынша ұсталды. Дегенмен британдық қауіпсіздік күштері оқиғаны ресми түрде теракт деп атаған жоқ.


Соңғы жаңалықтар