+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

LRT ісі: Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы қамауға алынды

2019 жылғы 13 желтоқсан 19:25
Бөлісіңіз:
LRT ісі: Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –LRT құрылысын салу барысында қаражат ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің брифингінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда елордадағыдай LRT салынуы мүмкін бе – Бақытжан Сағынтаевтың жауабы Астана LRT ісі: Елорда әкімдігінің бұрынғы 4 лауазымды қызметкері күдікке ілінді Қаржы министрлігі Астана LRT-ның қаржылық есептеріне қатыспаған

«Қазіргі уақытта әкімдіктің бұрынғы басшылары қамауға алынды. Олар Р. Аманжолов және Ж Нұрпейісов пен үш мердігер ұйымның басшылары», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов.

Оның айтуынша, қылмысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Сұлтанбеков пен «Астана LRT» басшысы Т.Ардан шетелдік және қазақстандық компаниялардың қатысуымен ұйымдастырған.

«Осы лауазымдағы тұлғалар әкімдік басқармаларының бұрынғы басшылары Р.Аманжолов, Ж.Нұрпейісовтің қатысуымен 24 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Бұл қаржыға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, кеңесшілік қызметтерді көрсету және техникалық бақылау шығындары кірген», - дейді ол.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл қызметі Ж.Нұрпейісов Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы екенін айтты.

Елорда сайтындағы мәлімет бойынша, Жанат Нұрпейісов 2016 жылдың 20 наурызында алтыншы шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT