Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғалары жемқорлық фактісі бойынша тергеліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Антикор мемлекеттік кәсіпорын ғимаратын төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісін тергеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу бастады.

Олар Алматы қаласындағы Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің ведомстволық бағынысты ғимаратын мемлекет мүддесіне ауыр зардаптарға әкеп соққан үлестес заңды тұлғаның пайдасына төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісі бойынша айыпталып отыр.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.


Видеодан алынған кадр
Соңғы жаңалықтар