Мәдина Жүнісбекова Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Мәдина Серікқызы Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан босатылды деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Мәдина Жүнісбекова Алматы қаласында дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы ММУ, Париж I Пантеон – Сорбонна университетін, Пантеон-Ассас университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Коммерциялық секторда, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығында және ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде жұмыс істеді. Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына 2018 жылғы сәуір айында тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар