Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарды сенбілікке шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарды осы аптада өтетін сенбілікке шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандықтарды осы сенбіде акцияға шақырамын. Бүкіл ел бойынша дәл сол күні волонтерлар, қоғам өкілдері табиғи аумақтарда тазарту жұмыстарын жүргізіп, қоқыс жинап, ағаш отырғызады», - деп жазды министрі Твиттердегі парақшасында.

Оның хабарлауынша, акцияға кез келген азамат қатыса алады. Ол үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Өз аулаңызды, үйіңізге жақын бақты тазартуға атсалыссаңыз болды.


Соңғы жаңалықтар