Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысындағы эпидахуалға қатысты есеп берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау қаласы мен аудандарда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, Атырау қаласы мен аудандарда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Облыс бойынша соңғы аптада коронавирус инфекциясының 564 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 379 жағдай немесе 67 пайызы Теңіз кен орнындағы вахталық қалашықтарда анықталды. Облыста анықталған жағдайлардың 81 пайызы, сонымен қатар Теңіз кен орнында анықталған жағдайлардың 89 пйызы симптомсыз саналады. Репродуктивтік индексі 1,01 пайызды құрайды. Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысымен Теңіз кен орнындағы карантин ұзартылды және шектеу шаралары күшейтілді», - деді өңір басшысы.

Оның айтуынша, облыста 1933 инфекциялық төсек-орын әзірленген. Стационарларда 864 науқас ем алып жатыр. Төсек-орын жүктемесі 45 пайызды құрайды. 13 науқас реанимацияда.

«Облыста 4 МРТ аппараты, 12 компьютерлік томография аппараты, 27 рентген аппараты, 669 оттегі концентраты, 1 514 пульсметр, 267 өкпені жасанды желдету аппараты, 6 оттегі стансасы, 113 жедел медициналық жәрдем көлігі, 7 жылжылмалы медициналық кешен бар. КВИ пневманиясы және ЖРВИ-мен сырқаттанған облыс тұрғындарына амбулаторлық деңгейдегі көмекті медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарының жанынан құрылған 126 млбильді топ көрсетіп отыр. Барлық медициналық ұйымдарда жеке қорғаныш құралдарының 2 айлық қоры бар. Облыста тәулігіне 7 мыңға жуық зерттеу мүмкіндігі бар 11 ПТР зертханасы жұмыс істеп тұр. Індет басталғаннан бері облыста 575 мың зерттеу жүргізілді. Соңғы аптада орташа тәуліктік көрсеткіш 3 975 тестіні құрайды. 2021 жылдың қаңтар айында жүргізілген ПТР зерттеулердің саны өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 23 пайызға артып отыр», - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Оның айтуынша, өңір аумағында 10 653 рейд жүргізіліп, 33 422 нысан тексерілді. 623 материал бойынша 95 млн-ға жуық айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар