Мақтаарал ауданында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентіндегі жаңа мөлтек ауданда әлеуметтік нысандардың құрылысы қысқы ауа райына қарамастан қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, заман талабына сай мектеп пен балабақша, дәрігерлік амбулатория мен полиция пунктінің құрылыс жұмыстарына жүздеген жұмысшы мұмылдырылған.
1200 орындық білім беру нысанының құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 1,8 миллиард теңге және 280 орындық балабақшаны салуға 692,1 миллион теңге қаржы қаралған. Қос нысанның құрылысы 2021 жылы аяқталады деп күтілуде. Бірінші ауысымда 25 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның сметалық құны 229,5 миллион теңгені құрайды.
Ал, полиция пунктінің сметалық құны 30,3 миллион теңге.
Аталған нысандарды ағымдағы жылдың желтоқсан айында тапсыру жоспарланған болса, бүгінгі таңда екі ғимарыттың да ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
- СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
- Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды
- Түркістан облысында 4 мыңнан астам жас әскерге аттанды
- Түркістан облысында көкпар ұйымдастырғандарға айыппұл салынды
-
Карантин: Келесте мониторинг тобы 1 мыңға жуық нысанды тексерген
-
Биыл Түркістан облысының Төле би ауданындағы 21 елді мекенде жолдар жөнделеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам