Мақтаарал диқандары қант қызылшасын шетелге экспорттауда

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Мақтаарал ауданы Қалыбеков ауылдық округінің диқандары ерте пісіп жетілетін қант қызылшасының алғашқы өнімін Ресейге экспорттауды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңажол ауылының тұрғындары Голландиядан арнайы жеткізілген «павло», «вадан» атты қызылшаның жоғары сұрпын қаңтар айында үй іргесіндегі алқапқа еккен болатын.

Қазір шетелге экспорттауды бастады.

«Қызылша егілетін жер өте құнарлы болуы тиіс. Ол үшін селитра, аммофос, малдың қилары арқылы жер тыңайтылады. Агротехникалық шаралардың басым бөлігі қолдың күшімен істелетіндіктен қызылша егу үшін қажырлы еңбек керек. Үлкен еңбектің соңы – үлкен табысқа алып келеді», – дейді шаруа Бектемін Алиқұлов.

Шаруа алғаш рет үй іргесіндегі 15 соттық жерінен 1,5 тонна өнім алды. Қазіргі таңда келісін 180 теңгеден саудалап жатыр.

«Қызылшаның «павло», «вадан» сорттары тек Жаңажол ауылының топырағында өсіп шыққанда ғана ерекше дәмге ие болады. Сондықтан, мұнда қызылшаға жоғары сұраныс бар», - дейді ол.

Жалпы округ аумағында шаруалар Ресейге және еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларына өнімдерін жөнелтіп отыр.

Қант қызылшасын толық жинап алған соң диқандар екінші өнім ретінде малға азық болатын дақылдарды егуді жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар