Мақтаарал мектептерінде «Адалдық сағаты» тақырыбында дәріс өтті

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы мектептерде «Адалдық сағаты» тақырыбында дәрістер өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, аудан әкімдігінің мамандары қатысып, адалдық туралы ойларымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрісті өткізудегі мақсат - оқушыларды адалдық, әділдік, шыншылдыққа тәрбиелеу болды. Әр баланың бойына адами құндылықтарды сіңіріп, олардың адам үшін маңызын түсіндіру, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағыттай отырып, әдептілік ережелерін үйрету көзделді.

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы орта мектептің оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында адалдық қазіргі таңда адамдарға ең қажетті құндылық екені, адалдық болмаса қоғам құлдырайтыны жөнінде әңгіме өрбіді.

«Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде жазылған. Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады» - деді М.Серікбаев.

Соңғы жаңалықтар