Мақтааралда еріктілер топан судан зардап шеккендерге 50 тоннаға жуық әлеуметтік көмек жеткізді

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Мақтаарал ауданындағы еріктілер топан судан зардап шеккендерге 50 тоннаға жуық әлеуметтік көмек жеткізді.

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен және жастар мен еріктілердің бастамасы негізінде құрылған «Біргеміз, Мақтаарал!» штабының мүшелері Сондай-ақ, барлық эвакуациялық орталықтар мен түрлі бағыттар бойынша қызмет көрсетеді, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған еріктілер штабына Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы директоры Амалбек Өміртай жетекшілік етеді. Штабтың құрамына Мақтарал аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Сүндет Кенжебаев пен «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Жансерік Жұман, Ахмет пен Ықылас және Олжас Мамыр, Азат Дидарбек, Айгерім Айтаханова сияқты т.б. белсенділер тартылған.

500-ге жуық волонтерлер қызмет ететін штабтың өкілдері төтенше жағдайдың бастапқы күндерінен бастап тоғандар мен дамбалар жасауға жұмылдырылған. Ал, 100-ге жуық ерікті қоймадағы жұмыстарға атсалысып, бірқатары азық-түліктерді үлестіру-тасымалдау шараларын атқаруда. Бүгінгі күнге дейін эвакуациялық пункттердегі тұрғындарға үш мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылып, короновирус індетінің таралуын алдын алу бойынша сақтық шаралары жолға қойылған.

Волонтерлердың көмегімен 20 мыңнан астам бетперде мен антисептикалық құралдар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Су тасқыны болған он күн ішінде «Біргеміз, Мақтаарал!» волонтерлар штабы 1100-ден астам тұрғынға, 150 отбасыға қажетті киім-кешек пен құрал-сайман, тұрмыстық және жеке гигиеналық заттар жеткізіп берген.


Соңғы жаңалықтар