Мақтааралда инфрақұрылым жүйелері қалпына келтірілді

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы тасқын судан зардап шеккен елдімекендерде газ жүйелерінің монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. Облыстық энергетика және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары төтенше жағдай орын алған аймақта екі негізгі бағыт бойынша жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, шағын ауданда ауыз су, кәріз, электр, газ, байланыс, ағын су желілерін құру және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жаңадан салынып жатқан ықшам ауданға инженерлік инфрақұрылым тартылып, Фирдауси, Өргебас, Жеңіс және Жаңатұрмыс елді мекендерінде ауыз су жүйелері қалпына келтіріліп жатыр. Халықты сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 8 шақырымға жуық су жүйелері өткізілген. 24,4 шақырым электр желісі тартылып, 156 жарық шам орнатылған. Электр жүйелерін өткізу жұмыстары 95% жүзеге асқан. Сондай-ақ, негізгі тас жолдар мен көше жолдарында асфальт төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жұмыстарды ұдайы бақылап отырған аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев құрылыс барысының сапалы да барлық талаптарға сай жүргізілуін жүктеді. Жаңа ауданда жарықтандыруға күш салуды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар