+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

Мақтааралда кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер таратылып жатыр

2020 жылғы 17 наурыз 12:54
Бөлісіңіз:
Мақтааралда кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер таратылып жатыр

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Мақтаарал ауданында кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер таратылып жатыр. Бұл әлеуметтік топтама тек атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1-18 жас аралығындағы балаларына арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында мектеп оқушыларына материалдық көмек көрсетіледі Семейдегі аз қамтылған отбасылар әлеуметтік пакет алуда Созақ ауданында кепілді әлеуметтік пакеттер үлестіріле бастады – Түркістан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында ашықтықты, әділеттікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін түзетуді тапсырған болатын.

Осыған байланысты Үкімет 2020 жылдан бастап әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа механизмдерін енгізді. Бүгінде мақтааралдықтар алып жатқан атаулы әлеуметтік көмек соңғы өзгерістер бойынша әр тоқсан сайын тағайындалып, тиісті көлемде беріліп жатыр. Мәселен, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін азық-түлік тауарлары мен тұрмыстық химия тауарлары қарастырылған.

Бұл азық-түлік өнімдерін темір мен басқа да дәрумендердің, минералдардың жетіспеушілігін ескере отырып Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған. Азық-түлік жиынтығын балалар ай сайын алады. Сондай-ақ, тіс пастасын, балаларға арналған щетка, кір жуатын ұнтақ, сабын сияқты тұрмыстық химия тауарлары тоқсанына бір рет ұсынылады. 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін ыстық тамақ, мектеп киімдері мен оқу құралдарын сатып алу, жол жүру шығындарын өтеу, сондай-ақ тегін медициналық қызмет көрсету қарастырылған.

Мектеп жасындағы балаларға әлеуметтік топтама оқу жылының соңына дейін мектеп тарапынан беріледі. Ал азық-түлік жиынтығы мен химиялық тауарлар жергілікті атқарушы органдар арқылы үлестіріледі.

Айта кетейік, 2020 жылдың І тоқсанында Мақтаарал ауданында 1859 отбасыға АӘК тағайындалған. Осы отбасылардан шыққан 1843 балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер таратылып жатыр. Сондай-ақ, 6-18 жас аралығындағы 3 мыңнан аса бала ыстық тамақпен қамтылады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT