Мальдивтегі жарылыс: Экс-президент жараланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мальдив аралдарында елдің экс-президенті, қазіргі парламент төрағасы Мохамед Нашид республика астанасында болған жарылыс салдарынан жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Құрылғы оның үйінің жанында жарылған.

Нашид - демократиялық жолмен сайланған алғашқы президент саналады.

Ол елді 2008-2012 жылдар аралығында басқарды. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазіргі мемлекет басшысы бұл шабуылды «республиканың демократиясы мен экономикасына жасалған әрекет» деп атады.

Ол тергеуге Австралияның полиция қызметкерлері қатысатынын мәлімдеді.

Ел билігі бұл жағдайдың өршуіне соңғы жылдары белсенді бола бастаған діни экстремистер кінәлі деп отыр.

Мальдив аралдарының көптеген тұрғындары Ирак пен Сириядағы содырлар жағында соғысуға аттанды.

Соңғы жаңалықтар