Мал шаруашылығы саласында құны 100 млрд теңгеден асатын 62 жоба іске асады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл мал шаруашылығында жалпы сомасы 100 млрд теңгеден асатын 62 жоба іске асады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың өзінде ғана мал шаруашылығында жалпы сомасы 70 млрд теңгеге жуықтайтын 53 инвестициялық жоба іске асырылды. Мысалы, сүтті мал шаруашылығындағы импортты алмастыру міндетіне сәйкес 2021 жылы қуаты 57 мың тонна болатын 35 тауарлы-сүт фермасы іске қосылды», - деді министр.

Оның дерегінше, 2021 жылы пайдалануға берілген 35 тауарлы-сүт фермасының 10 жобасы Солтүстік Қазақстан облысында жүзеге асты. Бұл басқа өңірлер үшін мал шаруашылығына инвестициялар тартуда жарқын үлгі саналады.

«Ал биыл жалпы сомасы 100 млрд теңгеден асатын, 2,8 мың жұмыс орны құрылатын 62 жобаны іске асыру жоспарланып отыр», - деді Ербол Қарашөкеев.


Соңғы жаңалықтар