+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

МӘМС жүйесінің артықшылықтары қандай

2020 жылғы 14 қаңтар 14:21
Бөлісіңіз:
МӘМС жүйесінің артықшылықтары қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен баспасөз конференциясында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада МӘМС жұмысын қадағалайтын кеңес құрылады Қарағанды облысында МӘМС жүйесінің пилоттық жобасы қалай іске асырылуда Қарағанды облысында жыл соңына дейін жеті емхана ашылады

Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі іске қосылды. Медициналық көмек ендігі кезекте МӘМС және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетіледі.

«МӘМС жүйесінің артықшылығы - азаматтар емхана мен дәрігерді еркін таңдайды, сондай-ақ сақтандыру бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшартқа отырған жеке меншік клиникаға да тіркеле алады», - дейді Сәуле Қисықова.

Оның айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы емханаларға 1 162 878 адам тіркелген. Жасалған келісімшарттың жалпы сомасы - 126 млрд теңге.

«Нұр-Сұлтан қаласында мың адам ешбір емханаға тіркелмеген. Осы орайда МӘМС жүйесі барлығына бірдей міндеттелгенін айта кету керек. Емханаға келген кезде базадан бәрі шығып тұрады. 1 сәуірге дейін әр адам МӘМС жүйесінде өз мәртебесін анықтап алуы керек. Яғни, өзін сақтандырып немесе жеңілдігі бар тұлғалар қатарына тіркелу қажет. Тегін медициналық көмек мемлекет жарна төлейтін 15 санаттағы жеңілдігі бар тұлғаларға қарастырылған», - дейді ол.

2020 жылғы медициналық көмек көрсетудің жаңа моделінің бірқатар ерекшеліктері бар.

«Бірінші деңгей - тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі. Екінші деңгей - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Бұрын зертханалық жұмыстар, қымбат тұратын диагностика қолжетімсіз болса, биыл КТ, МРТ сияқты диагностикалау түрлеріне, зертханалық жұмыстарға, функционалды диагностикаға, стоматологиялық көмекке және басқа да медициналық қызмет түрлеріне МӘМС тарапынан 8 млрд теңге бөлінді. Болашақта оңалту жұмыстары үшін де қаржы бөлінеді деп жоспарланып отыр», - дейді Сәуле Қисықова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT