Мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионаты өтпейтін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық конькишілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионаты өткізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz ресурсына сілтеме жасап.

Мәнерлеп сырғанаудан жылдың ең маңызды додасы 2021 жылдың 8-14 ақпан күндеріне жоспарланған болатын.

Австралияның Сидней қаласына жоспарланған жарыстың өткізілмеуіне коронавирус пандемиясы себеп болған.

Айта кетерлігі, осыған дейін ISU шорт-трек пен конькимен жүгіру бойынша төрт құрлық чемпионатын өткізбейтінін хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар