Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында вакцина алмаған 7 адам ғана жұмыстан шеттетілді
«Бізде Маңғыстау облысындағы «МАЭК» (Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – ред.), Қарағанды облысындағы «Арселор Миттал», «Қазақмыс» сияқты кәсіпорындар бар. Бұл кәсіпорындарда жұмысшылардың саны өте көп. Біздің мәліметіміз бойынша, бір ай бұрын «МАЭК»-тің ұжымы қарсылық акциясын жариялаған болса, әкімдік пен кәсіпорын басшылығының тыңғылықты жұмысының арқасында 82 пайызы вакцина алған», - деді Бас мемлекеттік еңбек инспекторы.
Маманның мәліметі бойныша, «Арселор Миттал» компаниясында жұмысшылардың 82 пайызы, «Қазақмыс» компаниясында 78 пайызы екпе қабылдаған.
«МАЭК» бойынша 100 адам қарсылық акциясына шыққан болса, тек 7 адам жұмыстан шеттетілген.Қалғандары түсіндіру жұмыстарының арқасында ахуалды түсініп, тиісті шараларды қабылдады», - деді Төлеген Оспанқұлов.