Маңғыстау халқы вакцинаның керектігін түсіне бастады – Аманбек Жұмыров

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстаулықтар арасында вакцинацияның қажеттігі туралы түсінік қалыптаса бастады. Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған онлайн брифингіде осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысы COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алу көрсеткіші бойынша неге соңғы орында тұр? Орталық коммуникациялар қызметі өткізген онлайн брифингіде БАҚ өкілдері Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласының басшыларына осындай сауал қойды.

«Маңғыстау облысы екпе жұмыстары бойынша республика көлемінде ең төменгі орында екені бәрімізге белгілі. Жалпы бізге 435 549 вакцина жіберілген. Бүгінде соның 301 501 дозасы салынды. Яғни, бірінші компонентпен 45,9 пайыз, екінші компонентпен 40 пайыздай орындалған. Нге төмен дегенге келсек, халықтың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қосымша жылжымалы вакцинация қызметін іске қосып, халыққа қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыс істедік.

Соның арқасында кейінгі кезде, инфекцияның таралуы көбейген кезде екпе алу жиіледі. Халық вакцинаның керектігін, сол арқылы ғана аурдың алдын алуға болатынын түсінгенін көріп отырмыз», - деді Аманбек Жұмыров.

Оның айтуы бойынша, халық арасында вакцинацияның қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарына медицинаға қатысы бар адамдардың бәрі тартылып отыр.

«Мүмкіндіктердің бәрін жасап, әрі қарай да екпе жұмысын жандандыру бағытында медицина саласының, әкімдік қызметкерлерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мамандарымен бірлесіп түсіндірдіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Соның арқасында деп есептейміз, қазір қамтылу санының 45-46 пайызға жетуі де сол жетістіктердің арқасында», - деді басқарма басшысы.

Фото:gov.kz
Соңғы жаңалықтар