Маңғыстау облыстық ауруханасы көпбейінді провизорлық стационарға ауысты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық ауруханасы көпбейінді провизорлық стационарға ауысты. Мұндай шешім Маңғыстау облысы бойынша коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі өңірлік жедел штабтың отырысында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұдан былай облыстық аурухана Covid-19 диагнозымен ауырған науқастарды ғана емдеумен айналысады.

Өңірдің барлық басқа медициналық мекемелеріне тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде сапалы медициналық көмек көрсетуді жалғастыру туралы тапсырмалар берілді. Азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркеуге қарамастан медициналық көмек алуына болады.

Эпидемиологиялық жағдай бұрынғы қалпына келген соң, облыстық аурухана бұрынғыша науқастарды қабылдауды жалғастыратын болады, яғни шұғыл және жоспарлы операциялар бұрынғыша жасалады.

Әзірге жоспарлы оталар жасалмайды, ал науқастарға шұғыл медициналық көмек келесі медициналық ұйымдарда көрсетіледі:

1). «Sofie Medgroup» медицина орталығында травматология, нейрохирургия және инсульт.

2). «Арчимед» медициналық орталығында кардиология, хирургия және онкология.

3). «Ясин» медициналық орталығындағы терапия.

4). «Нейрон» медициналық орталығында ЛОР және офтальмология.


Соңғы жаңалықтар