Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың баспасөз хатшысы болып Әбішева Гүлмира тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гүлмира Әбішева Жамбыл облысында дүниеге келген. Білімі жоғары.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық журналист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық академиясының оқытушысы болып бастаған.

Бірнеше республикалық және облыстық БАҚ-да еңбек етті.

Республикалық 31-телеарна, «Информбюро» жаңалықтар қызметінің тілшісі, республикалық «Ар.кз» газетінде журналист, «Азаттық» халықаралық радиосының, «Тумба» қалалық газетінің журналисі болды.

2008 жылдан бастап «Хабар» агенттігінің Маңғыстау облысындағы тілшісі, тілшілер қосынының жетекшісі болды.

2018 жылдан осы күнге дейін Маңғыстау облыстық «Қоғамдық коммуникация орталығы» КММ басшысы қызметтерін атқарды.

Соңғы жаңалықтар