Маңғыстау облысында автомобиль пойызбен соқтығысты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Тауар таситын пойыз машинамен соқтығысып, соның салдарынан жеңіл көлік жыраға түсіп кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Lada-ға сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Батыр ауылына жақын жердегі теміржол өткелінде болған.

Nissan Teana маркалы көліктің жүргізушісі жақындап келе жатқан пойызды байқамай қалып, апатқа ұшырады.

«Жүк пойызы жол ережесін бұзған көлікті соғып, оны жыраға түсірді. Аталған жол өткелінде барлық тиісті жол белгілері тұр. Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» кодексінің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды», - делінген Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.



Соңғы жаңалықтар