Маңғыстау облысында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрінің келісімімен және Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне Жамал Жаманбаева тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамал Әбдібекқызы Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданында дүниеге келген. 1988 жылы емдеу ісі, дәрігер мамандығы бойынша Алматының Мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын Жаңаөзен қалалық ауруханасының перзентханасында акушер-гинекология жөнінен интерн-дәрігер болып бастаған.

Кейіннен Бейнеу орталық аудандық ауруханасының бас дәрігер орынбасары, Бейнеу орталық аудандық ауруханасында бөлім меңгерушісі, «Облыстық перзентхана» МКҚК-нің дәрігер акушер-гинекологы, «Облыстық перинаталдық орталық» МКҚК-нің дәрігер акушер-гинекологы, «Ақтау қалалық перзентханасы» МКҚК директоры, «Облыстық перинаталдық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК директоры қызметтерін атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, Жамал Жаманбаева бұған дейін Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарып келген болатын.


Соңғы жаңалықтар