Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енгізілген балық аулаған браконьерлер ұсталды

None
None
ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енгізілген 65 келі балық аулаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«8 тамыз күні Қарақия ауданындағы Ақсу жағалауында, Темір баба бақылау-өткізу бекетіне жақын жерде аулауға тыйым салынған балық түрі тиелген автокөлік тоқтатылды. Қарақия полиция бөлімінің қызметкерлері көліктің ішінен жалпы салмағы 65 келі 30 қызыл балықты тапты», - деп хабарлады полициядан.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК «Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдік немесе жануарлар, олардың бөліктері немесе дериваттарын заңсыз қолдану» бабы бойынша сот алдындағы тергеу амалдары басталды. Ұсталғандар елдімекеннен тыс шықпау жөнінде қолхатпен босатылды.


Соңғы жаңалықтар