Маңғыстау облысында нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 мамырда Маңғыстау облысында күн райы бұзылады деген болжам бар. Осы орайда, облыстық ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңбыр кезінде жол тайғақ болады, терезеден айнала анық көрінбейді. Сондықтан, жаяу жүргіншілерге өте мұқият болу керек. Жүргізушілерден жылдамдықты төмен ұстап, өзге көліктерге қатты жақындамауды сұраймыз. Дауыл қаупі туғанда балконды тексеріп шығу қажет. Жеңіл және көлемді заттарды бекітілуі немесе бөлмеге кіргізілуі тиіс. Көлікті ағаштардың және ескі құрылғылардың маңынан алып тастау керек. Ең маңыздысы, балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Қатты жел кезінде ғимараттардың қасына тұрмаңыз, шатырлар, басқа да нәрселер ұшып түсуі мүмкін», - деп ескертеді департаменттен.

Айта кетейік, болжам бойынша облыстың солтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Ал, батысында және солтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, шаңды дауыл көтерілуі ықтимал. Облыс орталығы – Ақтауда да найзағай ойнап, дауыл тұруы мүмкін. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.


Соңғы жаңалықтар