Маңғыстау облысында шикі газ өндіретін зауыт салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында шикі газ өндіретін жаңа зауыттың жобасы қаралып жатыр. Жоспар бойынша жаңа өнеркәсіп 2024 жылға дейін пайдалануға берілмек.

Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде жыл сайын 3,2 млн тонна шикі газ өндіріледі. Оның 1,5 тоннасы экспортталады. Біздің министрлік жүргізген талдау нәтижесі елімізде соңғы жылдары шикі газды тұтыну көрсеткішінің артқанын көрсетіп отыр. Оған дәлел 2019 жылы шикі газды қолданатын 139 мың көлік болса, биыл бұл көрсеткіш 2,5 есеге артып, 313 мыңға жетіп отыр. Сондай-ақ, шикі газдың бағасы бензинге қарағанда 2-3 есеге арзан екенін айтып өткен жөн. Әрине әр аймақтың өз бағасы бар», - деді Әсет Мағау Орталық комуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде елімізде шикі газды тұтыну көлемі мен оған деген сұраныс артып отыр.

«Сұраныстың артуына байланысты ішкі нарықта тапшылық бар. Осы орайда елімізде шикі газ өндіретін жаңа зауыт салу шарасы қолға алынды. Атап айтқанда, бүгінде Маңғыстау облысында жаңа зауыт жобасы қаралып жатыр. Оның қуаты жылына 232 мың тоннаны құрайды және аталған кәсіпорынды 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр», - дейді ол.

Бұған дейін министр орынбасары елімізде бензинмен қамту жағдайының тұрақты екенін айтты.

Одан бөлек, Ә. Мағауов дизель бағасына қатысты жағдайды түсіндірді.



Соңғы жаңалықтар