Маңғыстау облысында үш автокөлік соқтығысып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үш көлік соқтығысқан оқыс оқиға Мұнайлы ауданы Бесқұдық ауылының маңында болды, деп жазады Lada.kz.

Бұл туралы Маңғыстау облысының Полиция департаменті хабарлады.

УАЗ көлігі бұрылып жатқан сәтте оған Nissan маркалы көлік соғылған. Осыдан соң инерция бойынша УАЗ автокөлігі алдында тұрған Geely көлігіне соғылған.

«Оқиғаға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көліктер айып тұрағына тоғытылды» делінген ведомство таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар