Маңғыстау облысында жемқорлық туралы айтқан 5 адамға сыйақы берілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат –Маңғыстауда сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған 5 тұлға 760 мың теңге көлеміндегі сыйақы алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Antikor орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Зульфия Абишаева айтты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес, мұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің қорғауында болады. Ал сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлаған адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады» деді З.Абишаева.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 call орталығына немесе Департаменттің 8 (7292) 319110 кезекші телефонына қоңырау шалуға болады.


Соңғы жаңалықтар