Маңғыстау облысындағы әкім сайлауында қанша адам дауыс берді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат- Маңғыстау облысында сайлаушылардың 82,4 % дауыс берді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Рзаханов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайлаушылар тізіміне 14144 сайлаушы енгізілген. Аудандық сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес сағат 20.00-дегі (жергілікті уақыт бойынша) жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 82,4% алды.

Олардың ішінде Бейнеу ауданы бойынша:

Сарға ауылы – 71,1 %, Есет ауылы – 97,2 %

Төлеп ауылы – 98 %, Сам а.о. – 97,8 %

Қарақия ауданы бойынша Құланды а.о. – 84,7 %.Маңғыстау ауданы бойынша Тұщыкұдык а.о. – 94 %,Қызан ауылы – 91,8 %, Жармыш ауылы – 87,2 %, Онды а.о. – 62,5 % сайлаушы дауыс берген»,- деді ол.

Түпқараған ауданы бойынша Ақшұқыр ауылы – 78,6 % сайлаушы өз таңдауын жасаған.


Соңғы жаңалықтар