Маңғыстау облысындағы мұнай қалдықтарын тастайтын полигон тексерілетін болды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облыстық Экология департаментінің өкілдері аталмыш нысан иесінің аты-жөнін анықтау үстінде. Осы жұмыстар аяқталған соң полигонда тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Экология департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лада сайтына сілтеме жасап.

Сайт келтірген мәліметтерге қарағанда, осыған дейін Жетібай ауылы маңындағы полигонның суреттері жарияланған. Онда жойылуы тиіс мұнай қалдықтары мен өзге де қоқыстардың жатқаны көрініп тұр.

Өңірдің Экология департаментінің өкілдері аталған нысаннның иесіне қатысты мәліметтерді анықтауға кіріскендігін айтты. Полигонның иесі анықталысымен оған тексеру жүргізіледі.

«Белгіленген талап бойынша, тиісті шаралар қабылданады. Департаменттің өңірлік өкілдігінің қызметкерлері Қарақия ауданындағы Жетібай ауылына барып, жағдайды көрді. Қосымша ақпараттар кешірек жаияланады»,-деп хабарлады облыстық Экология департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар