Маңғыстау облысының тұрғынынан 500 келідей бекіре тұқымдас балық тәркіленді

None
None
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері браконьерлік фактіні анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Табиғатты қорғау полициясы рейдтік шаралар жүргізу барысында Форт-Шевченко қаласы тұрғынының гаражынан жалпы салмағы 500 келіден асатын бекіре тұқымдас 219 балық тәркіледі», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының мәліметінше, Каспий теңізіндегі бекіретұқымдас балықтар жойылу қаупі алдында тұр. Бұған әкеп соқтырған негізгі себеп - браконьерлік.


Соңғы жаңалықтар