Маңғыстау тұрғындары сарышаян шақты деп шағымданып жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық Жедел жәрдем және жедел медициналық жәрдем қызметіне Бейнеу ауданының тұрғындарынан сарышаян шақты деген үш шағым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 және 17 жастағы қыз бала мен 62 жастағы ер адам шаян шаққан. Олардың барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

«Ауруханаға жатқызудың қажеті болған жоқ. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Одан әрі оларға тұрғылықты жері бойынша дәрігерден кеңес алу ұсынылды. Сарышаяндар негізінен түнгі уақытта, әсіресе таңға қарай шабуыл жасайды», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, соңғы екі күнде шаяннан 10 адам зардап шекті. Оның ішінде Бейнеу ауданының алты тұрғыны бар.


Соңғы жаңалықтар