Маңғыстау тұрғынынан 200 келіден астам бекіре балығы тәркіленді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық тұрғыннан 200 келіден астам бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құқық бұзушыны жедел-іздестіру шаралары барысында облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ұстады.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеру барысында күдіктінің «Lada Priora» маркалы автокөлігінің салонынан жалпы салмағы 215 келі болатын 52 бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленді.

«Тәркіленген балық «Қазақ бекіре ғылыми-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілді. Факті бойынша ҚР ҚК 339-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешім кінәсінің дәрежесін анықтау арқылы қабылданады», - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.




Соңғы жаңалықтар