Маңғыстауда 1 және 6 жасар баладан коронавирус анықталды

None
None
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында 1 және 6 жасар баладан коронавирус анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Жедел штабтың телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

ПТР диагностикалық зерттеу қортындысы бойынша Маңғыстау ауданының Шайыр ауылының тұрғындары — 1973 жылғы азаматшадан және 2019 жығы баладан, Бейнеу ауданынан 2014 жылғы баладан, сонымен қатар Жаңаөзен қаласының 1982 жылғы азаматшасынан жұқпалы індет табылды.

Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдермен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

Соңғы жаңалықтар