Маңғыстауда 46 мың тұрғыны бар ауылда алғаш рет мәдениет үйі салынып жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда 46 мың тұрғыны бар ауылда алғаш рет мәдениет үйі салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат елді мекені күн санап көркейіп келеді. 46 мың адам қоныстанған ауылда бүгінде бірнеше нысан құрылысы мен ғимараттарды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Рахат елді мекенінде алғаш рет 300 орындық мәдениет үйі салынып жатыр. Ш пішіндес нысанның бір бөлігін тұтасымен 300 орындық көрермен залы алып жатыр. Орта бөлігі ұжым қызметкерлеріне арналса, екінші бөлігінде бір мезетте 45 адамды қабылдайтын кітапхана да орналасады. Кітап қорында 12-14 мың әдеби оқулық болады деп жоспарлануда. Екі қабатты ғимараттың жоғары қабатындағы бөлмелер эстрада және театр өнері, бейнелеу тағы басқа үйірмелерді өткізуге арналып, жабдықталады. Нысан іске қосылғанда 32 жаңа жұмыс орны құрылады. Бүгінде құрылыс басында 60-тан астам жергілікті азамат жұмыс істеп жүр. Құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған. Мамыр айының аяғына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, жуық арада Рахат ауылында бір ауысымда 50 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салынбақ. Сондай-ақ екі қабатты спорт кешенін тұрғызуға әзірлік басталды. Әлеуметтік нысандар іске қосылған соң 40 астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады.


Соңғы жаңалықтар