Маңғыстауда дәрілік заттардың қорын жасауға 300 млн теңге бөлінді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы өнімдердің жедел қорын жасау мақсатында 300 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Каспий» әлеуметтік корпорациясына сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы өнімдердің жедел қорын қалыптастыру мақсатында Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Нәтижесінде өңірдегі екі компанияға «ФАЙЗ-2016» ЖШС, «АДА Фарм-Актау» ЖШС әр қайсысына 100 млн теңгеден 0,01%-бен несие берілді.

Сатып алынатын дәрілік заттарды Облыстың өзгеде дәріханалары сатып алуға мүмкіндігі бар.Қазіргі таңда аталған екі компания 60 млн.теңгеге дәрілік заттар сатып алды.

ыстықты түсіретін (жарапонижающий), антикогулянт,антибиотик,бронходилататр (бронхолитик) ,антигистамин, жансыздандыратын (анестетик).

Қалған қаражатқа қосымша дәрі-дәрімекке тапсырыс берілуде.


Соңғы жаңалықтар